Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Қала оқушылары арасындағы спорттық ойындар
21-06-2023 14:40
Қала оқушылары арасындағы спорттық ойындар

        «Жазғы МІХ-2023» жазғы жобасы аясында Павлодар қаласының білім бөлімі « Павлодар дарыны»  бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын  дамыту орталығымен  2023 жылғы 21 маусымда №7 мектепте  - қалалық «Спорт ENERGY» жазғы спорттық жобасының  «Көңілді мәрелер»  жарысының  төртінші кезеңі өткізілді.

        Естеріңізге сала кетейік, «Добының сиқырлы әлемі», «Әкем, анам және мен спорттық отбасымын» «Көңілді мәрелер» жарыстың үш кезеңі бойынша  қала мектептерінің 5-7 сыныптың 380-ден астам оқушысы қатысты. Төртінші кезеңнің «Көңілді мәрелер» жарысына қаланың 14 жалпы білім беретін мектептің 5-7 сыныптың 77-ден астам оқушысы қатысты.

             Қатысушылар өздерінің спорттық, ақыл-ой қабілеттері мен дағдыларын көрсете алды.

            Балалар жылдамдықпен, ептілікпен, командада жұмыс жасау іскерлігін көрсетті. Спорттық ынта мен өз командасы үшін жеңіске жетуге деген ұмтылыс балаларды соншалықты баурап алды, олар айналада болып жатқан оқиғаларды да байқамады. Барлығы мәреге бірінші болып жету үшін тырысты. «Көңілді жарысқа» қатыса отырып, балалар өздерін нағыз ұжым ретінде сезінді!

            Қатысушылар «Эстафеталық таяқшаны беру», «Құрсаумен өту», «Медуза», «Шармен тосын сый», «Ұзындыққа секіру» эстафеталарында бақ сынасты. Жарыстарда балалар спорттық нәтижелерді жылдамдықпен, ептілікпен, командада жұмыс істей білумен көрсете алды. Бірінші мәреге ұмтылу спортпен шұғылдануға және өз командасы үшін жеңіске жетуге деген ұмтылысқа ықпал етті.

     - Көңілді мәрелер  әрқашан қызықты әрі көңілді, сондықтан мен өзім «Жігер» аула клубында айналысамын, - дейді Ж. Тәшенев атындағы орта мектептің   7-сыныбын оқыған Марат Айбек.

        Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Павлодар дарыны» орталығының түрлі деңгейдегі дипломдарымен марапатталды.

         I орынды № 17 мектеп командасы, Ж.Тәшенев атындағы мектеп, II орынды -№14, 21, 25, А. Шамкенов, С. Торайғыров, М. Әуезов атындағы мектептің  командалары иеленді.

      III орын - Қ. Бекқожин, А. Байтұрсынов атындағы №15, 33  мектеп командасы марапатталды.