Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Ш. Смағұлов атындағы VІ математикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі
21-06-2023 16:19
Ш. Смағұлов атындағы VІ математикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі

Алматы қаласында 2023 жылғы 17-18 маусым аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің механика-математика факультетінің базасында ҚР Ұлттық Инженерлік академиясының академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Шалтай Смағұлов атындағы 6-7 сыныптарға арналған математика пәні бойынша республикалық олимпиаданың финалы өтті. Олимпиадаға Қазақстан Республикасының 16 өңірінен, сондай-ақ Қырғыз және Өзбекстан елінен 118 оқушы қатысты.

      Олимпиаданың негізгі мақсаты мен міндеті математиканы насихаттау, дарынды балаларды ерте анықтау және ынталандыру, шығармашылық қабілеттері мен білімге деген қызығушылығын дамыту, оқушыларды қолдау үшін қажетті жағдайлар жасау, оқушылар мен педагогтар арасындағы байланысты нығайту, командада жұмыс істей білу болып табылады.

    Павлодар облысының құрама командасына № 8 (3) мектеп – лицейінің, "Жас Дарын" мамандандырылған мектеп – лицейінің (2), № 29 ЖОББМ 5-7 сынып оқушылары енді.

       Олимпиада екі кезеңде өтті: бірінші кезең – жеке, ол бес тапсырмадан, екінші кезең – командалық, тапсырмалар 16 күрделі математикалық есептерді шешуден тұрды.

Олимпиада қорытындысы бойынша № 29 орта мектептің 6 сынып оқушысы Рафаэль Бекшенов 10.000 теңге сомасына грамотамен және сертификатпен марапатталды.