Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
"Жазғы МІХ-2023" жазғы кешенді жобасының I маусымының жабылуы
23-06-2023 16:05

       2023 жылғы 23 маусымда "Павлодар дарыны" бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығы "Жазғы МІХ-2023"жазғы кешенді жобасының І маусымының жабылу салтанатын өткізді.

       I маусымның жабылуы қалалық саябақта өтті, оған Павлодар қаласының 43 мектебінен 450 оқушы қатысты. І маусымда балалардың жазғы демалысы мен сауықтыруын ұйымдастыру кезінде "Павлодар дарыны" орталығы 20-дан астам іс-шара өткізді, оған Павлодар қаласының мектептерінен 2750 бала қатысты.

         Жабылу кезінде әр команда ән ,би, тақпақ   фотокалаж дайындады қорғаудан кейін сахнада түрлі спорттық, шығармашылық және зияткерлік байқауларға белсенді қатысқан қала мектептерін марапаттау өтті.

        Іс-шараға барлық командалар жауапкершілікпен дайындалды, өте қызықты қойылымдар болды. Бірінші маусымда өткен жазғы байқаулардың рейтингісі   бойынша С. Торайғыров атындағы, А.Байтұрсынұлы, №7, № 14, Ташенев, М.Әуезов атындағы  мектептер ең үздік деп аталып,Павлодар қаласының білім бөлімінің бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Нәтижесінде балалар мен ересектер үшін керемет мереке болды.