Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Dance energy" көше би байқауы
26-06-2023 17:34

       Павлодар қаласының білім бөлімінің "Павлодар дарыны" бос  уақытты  қамту және  балалардың  дарындылығын дамыту орталығы 2023 жылғы 26 маусымда қалалық  саябақта қаланың жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары арасында "Dance energy" көше би байқауын өткізді.

        Байқау "Жазғы MIX -2023"қалалық жазғы бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.

        Байқауға 15 мектептен 90 қатысушы қатысты.

        Байқау қорытындысы бойынша барлық қатысушылар "Павлодар дарыны" бос уақытты   қамту және балалардың   дарындылығын дамыту орталығының   түрлі деңгейдегі дипломдарымен  марапатталды.

       Номинация-кіші жас санаты (6-12 жас); I орынды.  "Мадонна" биін орындағаны үшін А. Шамкенов атындағы  мектептің     "Randevy" командасы иеленді.

      II орынды Малайсары батыр атындағы ЖОББМ "Шабыт" командасы иеленді.

      III орынды А. Байтұрсынұлы  атындағы  ЖОББМ "Атмосфера" командасы иеленді..

       Номинация  -орташа жас санаты (11-13 жас);

       I орынды   "Қазақстан  балалары" биі үшін С. Торайғыров   атындағы ЖОББМ" Нәзік"  командасы иеленді.

        II орынды №14 ЖОББМ "Жұлдыздар" командасы және № 26 ЖОББМ "Шабыт" командасы иеленді

       III орынды №29 ЖОББМ "Надежда" командасы, №35 ЖОББМ "Шалқан" командасы және №41 ЖОББМ "Тик-токерлер" командасы өзара бөлісті.

Номинация  -аға жас санаты (14-16 жас);

       I орынды № 7 ЖОББМ "Sun Dolls" командасы иеленді.

       II орынды № 21 ЖОББМ" Шабыт "командасы және № 43 ЖОББМ" Royal Kids " командасы иеленді

         III орынды № 15 ЖОББМ" Карамельки "командасы және Мәшһүр Жүсіп атындағы ЖОББМ    " Жұлдыздар " командасы иеленді.