Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Қалалық отбасылық олимпиаданың қорытындысы
11-09-2023 11:31
Қалалық отбасылық олимпиаданың қорытындысы

Павлодар қаласының білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығымен  Қазақстандағы Отбасы күнін мерекелеу аясында 2023 жылғы 8 қыркүйекте Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 4 сынып оқушылары мен олардың ата-аналарына арналған қалалық отбасылық олимпиада өткізілді. 

     Олимпиаданың мақсаты рухани, мәдени және зияткерлік дәстүрлерді сақтайтын ұрпақтар арасындағы байланыстырушы буын ретінде отбасылық ошақтың маңыздылығы мен құндылығын өзектендіру болып табылады.

         Қалалық іс-шараға Павлодар қаласы мектептерінің 31 отбасылық командасы қатысты.

         Олимпиада қорытындысы бойынша 14 отбасы жүлделі орындарға ие болды: I орын - 2, II орын – 5, III орын - 7, олимпиаданың қалған қатысушыларының жетістіктері «Қамқоршы отбасы», «Өнегелі отбасы», «Көңілді отбасы», «Креативті отбасы», «Парасатты отбасы» номинацияларымен марапатталды.

         Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы  білім бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.