Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
9-11 сынып оқушылары арасындағы ауылдық білім беру ұйымдарының IV облыстық гуманитарлық олимпиадасының қалалық кезеңі
12-09-2023 16:50
9-11 сынып оқушылары арасындағы ауылдық білім беру ұйымдарының IV облыстық гуманитарлық олимпиадасының қалалық кезеңі

9-11 сынып оқушылары арасындағы ауылдық білім беру ұйымдарының IV облыстық гуманитарлық олимпиадасының қалалық кезеңі

 

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты   қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылғы 12 қыркүйекте 9-11 сынып оқушылары арасында ауылдық IV облыстық гуманитарлық олимпиаданың қалалық кезеңі өткізілді.

Олимпиаданың  мақсаты-оқушылардың оқу мәдениетін, рухани әлеуетін дамыту, Қазақстан тарихына, қазақ әдебиетіне танымдық қызығушылығын арттыру. Олимпиада оқушылардың күрделі проблемалық тапсырмаларды шешу қабілеті, нақты материалға сүйене отырып, өз пікірін дәлелдей білудегі жеке жарысы болып табылады.

Іс-шараға Павлодар қаласының 7 ауылдық жалпы білім беру мектептерінен 9-11 сыныптың 16 оқушысы қатысты.

Қазақ әдебиетінің классигі, жазушы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130–жылдық меретойын мерекелеу аясында IV облыстық гуманитарлық олимпиаданың тақырыбы  «Қамар сұлу», «Кім жазықты» романы таңдалды. Екі ай ішінде олимпиада қатысушылары романдарды  оқып, осы шығармаға және онда бейнеленген тарих кезеңіне арналған ғылыми әдебиетпен танысты.

Олимпиада екі турда өтті: I турда оқушылар 20 тест тапсырмаларын орындады, II турда оқушылар ұсынылған үш тақырыптың біріне эссе жазды.

13 оқушы олимпиаданың жеңімпазы және жүлдегері атанды, оның ішінде бірінші орын - 6, екінші орын -2, үшінші орын – 5.

I орын иегерлері - 9 сынып оқушылары: Жетекші мектебі - Шектыбаева Дильназ, № 40  мектебі - Гладышева Анастасия; Кенжекөл мектебінің 10 сынып оқушысы Қамза Әбиба; 11 сынып оқушылары: № 40 мектебі -Жакенова Мөлдір және Кабыкен Мөлдір, Жетекші мектебі - Шибинская Анастасия.

II орын иегерлері: Бақытболқызы Ақбота, № 40 мектебінің 10 сынып оқушысы, Абдрахманова Ақмарал, Кенжекөл мектебінің 11 сынып оқушысы. 

 III орын иегерлері - 9 сынып оқушылары: Сагдиева Саяжан,  № 32, Уразбекова Даяна,  № 33, Маменова Дарья, № 31, Леушкина Дарья, № 46 және 10 сынып  оқушысы Шоканқызы Сандуғаш, № 40 мектептерінің оқушылары..

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласының білім беру бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен және барлық қатысушылар «Павлодар дарыны» бос уақытты   қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының сертификаттарымен марапатталды.

Олимпиада жеңімпаздары ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде өтетін облыстық кезеңге қатысады.