Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
2-7 сынып оқушыларының "Зерде" республикалық зерттеу жобалары конкурсының қалалық кезеңі туралы
15-09-2023 16:42
2-7 сынып оқушыларының

Павлодар қаласының білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2023 жылғы 27 қыркүйекте зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары «Зерде» республикалық конкурсының қалалық кезеңі өткізіледі.

         Конкурстың мақсаты – балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.

         Конкурсқа Павлодар қаласы мектептерінің 2-7 сынып оқушылары қатысады. Қалалық кезең он екі секция бойынша өтеді: қазақ тілі мен әдебиеті; орыс тілі мен әдебиеті; ағылшын тілі; математика, қолданбалы математика; физика, космос; туризм және спорт; тарих, өлкетану; этномәдениеттану; химия, биология; медицина, психология, экология; информатика, робототехника STEM инженерия; технология және өнер.

         Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер қаланың білім беру бөлімінің I, II,III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

         Қалалық кезеңнің І және ІІ орын иегерлері конкурстың облыстық кезеңіне ағымдағы жылдың қараша айында қатысады.

 

«Павлодар дарыны» БУҚБДДО