2023 жылғы 15 қыркүйекте Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде ауылдық білім беру ұйымдарының IV облыстық гуманитарлық олимпиаданың қорытындылары шығарылды. Олимпиадаға 9-11 сыныптың 57 оқушысы, оның ішінде Павлодар қаласының Кенжекөл және Жетекші (2), № 40 (3) жалпы білім беретін мектептерінен 6 оқушы қатысты.
Мақсаты - ұлттың рухани дамуы мен қоғамның рухани әлеуетінің көрсеткіші болып табылатын оқырман мәдениетін дамытуда, ел тарихына деген танымдық қызығушылықты арттыру оқушылардың шығармашылық қабілеттерін іске асыру үшін жағдай жасау.
Зияткерлік пәнаралық олимпиада Қазақстан тарихы мен қазақ әдебиеті пәні бойынша білімді жүйелеуге, мектеп бағдарламасына енбеген көркем шығармалармен танысуға бағытталған. Қазақ әдебиетінің классигі, жазушы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 – жылдық меретойын мерекелеу аясында IV облыстық гуманитарлық олимпиаданың тақырыбы «Қамар сұлу», «Кім жазықты» романы таңдалды.
Олимпиада екі турда өтті: I турда оқушылар тест тапсырмаларын орындады, II турда оқушылар эссе жазды.
Облыстық іс-шараның қорытындысы бойынша 3 оқушы жүлделі орындарға ие болды: ІІ орын иегері – Гладышева Анастасия, № 40 мектебінің 9 сынып оқушысы; ІІІ орын иегерлері – 11 сынып оқушылары: Жакенова Мөлдір, № 40, Шибинская Анастасия, Жетекші мектептерінің оқушылары.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстық білім беру басқармасының дипломдарымен марапатталды.