Павлодар қаласы білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2023 жылғы 19 қыркүйекте 7-11 сынып оқушылары арасында «Мағжан оқулары» республикалық ғылыми - шығармашылық байқауының қалалық кезеңі өткізілді.
Байқаудың мақсаты - оқушылардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру, поэтикалық сөздің күші мен салмақтығын түсінуге үйрету, ғылыми тұрғыдан өз пікірін білдіру және дамыту.
Қаланың 34 жалпы білім беретін мектебінен 65 оқушы қатысты.
Ережеге сәйкес конкурс үш бағыт бойынша өткізілді. Қатысушылар ақынның өлеңдерін жатқа білді, жас таланттар өз шығармаларының өлеңдерін оқыды, жаңадан бастаған зерттеушілер Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған жобаларды қорғады.
Оқу қорытындысы бойынша «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» бағытында І орынды, № 38 мектебінің 9 сынып оқушысы Дауржан Ердамыс; ІІ орынды № 31,41, М.Әлімбаев, М.Жүсіп атындағы мектептер, Ш.Шөкин атындағы гимназия–мектебі, А.Бөкейхан атындағы гимназия–мектебінің оқушылары,
ІІІ орынды №7, 18, 21, 33, 35, 36,К.Макпалеев, М. Әуэзов атындағы мектеп оқушылары иеленді.
«Жасынан оқу оқып, өнер қуған....» бағытында І орынды № М.Жүсіп атындағы мектептің 9 сынып оқушысы Абаева Камила, ІІ орынды № 21, 25, Малайсары батыр атындағы, Жетекші мектебінің оқушылары, ІІІ орынды № 27, 39, М. Әуэзов атындағы А.Бөкейхан атындағы лицей –мектебі, Кежекөл мектебінің оқушылары иеленді.
«Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған»бағыты бойынша жас ақындар байқауының қорытындысы бойынша І орынды А.Бөкейхан атындағы лицей –мектебінің 10 сынып оқушысы Жылқайдарова Сана, ІІ орынды № 26,33,35, К.Бекхожин атындағы мектеп оқушылары, ІІІ орынды №7,17,31,36, М.Жүсіп, Ж.Ташенев, А.Байтұрсынұлыатындағы мектеп оқушылары иеленді
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім беру бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен және барлық қатысушылар «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының сертификаттарымен марапатталды.
Байқау жеңімпаздары облыстық кезеңге қатысады.