Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
БАЛАЛАР ОҚУЛАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСТЫҢ ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІ
20-09-2023 15:38
БАЛАЛАР ОҚУЛАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСТЫҢ ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІ

2023 жылғы 20 қыркүйекте Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны»  бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы №7 мектепте 8-10 сынып оқушылары арасында балалар оқулары республикалық конкурсының қалалық кезеңін өткізді.

Мақсаты – оқушылардың оқу мәдениетін, рухани әлеуетін дамыту, Қазақстан тарихына деген танымдық қызығушылығы мен патриотизмін арттыру. Конкурс оқушылардың күрделі проблемалық тапсырмаларды шешу қабілеті, нақты материалға сүйене отырып, өз пікірін дәлелдей білудегі жеке жарысы болып табылады.

Байқауға Павлодар қаласының  17 жалпы білім беретін мектептен 8 - 10 сыныптың 52  оқушысы қатысты.

Байқау екі турда өтті. I турда оқушылар 60 тест тапсырмаларын орындады (оқыған әдебиеттері бойынша), орындалу уақыты - 60 минут. II турда оқушылар ұсынылған тақырыптардың біріне эссе жазды.

28  оқушы  байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды, оның ішінде бірінші орын – 3, екінші орын -7,  үшінші орын – 18.

I орынды А.Бөкейханатындағы   мектеп – лицейдің 8 сынып оқушысы Молшина Данайым, №35 мектептің 9 сынып оқушысы Манат Саида, № 17 мектептің 10 сынып оқушысыШәкәрім Аймгүл иеленді.

II орынға № 7, 17, 25, М. Әлімбаев, М.Жүсіп, Б.Момышұлы, Ж.Тәшенев атындағы мектеп  оқушылары ие болды

III орынды № 2 (2), 33 (2), 35 (2), 40 (4), 41, А.Бөкейхан атындағы   мектеп – лицей (2), Малайсары батыр, М.Жүсіп, Б.Момышұлы, Кенжекөл (2) мектептерінің  оқушылары иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласының білім беру бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

Байқау жеңімпаздары облыстық кезеңге өтеді.