2023 жылғы 27 қыркүйекте Павлодар қаласының Ж. Тәшенев атындағы жалпы орта білім беру мектебінде жас зерттеушілерді анықтау және қолдау, талантты оқушылардың шығармашылық қызметін одан әрі дамыту мақсатында "Зерде" республикалық зерттеу жобалары конкурсының қалалық кезеңі өтті.
Ұйымдастырушы Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы болып табылады. Жыл сайынғы байқауға 43 мектептен 2-7 сыныптың 515 оқушысы, 473 жобаның авторлары қатысты.
Қатысушылар өз жобаларында математикалық теңдеулердің құпиялары, кристалдардың қасиеттері және энергияны үнемдеу әдістері туралы айтып, қоршаған орта мәселелерін шешу әдістерін ұсынды. Шығармашылық жұмыстарда сәндік-қолданбалы өнер әлемімен, ұлттық салт-дәстүрлермен, тіл және әдебиетпен таныстырды, өлкетану жұмысын жүргізді.
Зерттеу жұмыстарын қорғау 12 секция бойынша жүргізілді: қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, математика қолданбалы математика, физика, космос, туризм және спорт, тарих, өлкетану, этномәдениеттану, химия, биология, медицина, психология, экология, информатика, робототехника STEM инженерия, технология және өнер.
Байқау қорытындысы бойынша 346 қатысушы – 312 жобаның авторлары жеңімпаз және жүлдегер атанды.
I орынды 48 жобаның авторлары, 51 қатысушы иеленді: №2, №7 (3), №11 (3), №14 (2), №17 (6), №18 (2), №27 (2), №29 (2), №30, №35 (3), №39 (4), К. Мақпалеев, Ш. Шөкин, М. Әлімбаев (4), А.Бөкейхан (5), С. Торайғыров (4), А. Байтұрсынов (3), Ж.Тәшенев, 41, Кенжекөл ,Жетекші ЖОББМ.
ІІ орын –98 қатысушы, 87 жоба,
ІІІ орын – 197 қатысушы 177 жоба,
Құрмет грамотасымен -17 қатысушы марапатталды.
Оқушылардың орындау нәтижелері бойынша "Ең үздік қалалық команда" номинациясы бойынша І дәрежелі дипломмен Ә. Бөкейханатындағы орта мектеп, ІІ дәрежелі дипломмен № 7,17,39 және С. Торайғыров атындағы мектеп, ІІІ дәрежелі дипломмен № 2,25,35,Ж. Тәшенев атындағы мектеп оқушылары марапатталды.
"Зерде" байқауының облыстық іріктеу кезеңіне 100-ден астам үздік жоба қатысады.