Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДАНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ ТУРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
02-10-2023 11:04
ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДАНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ ТУРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Павлодар қаласының білім бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардын дарындылығын дамыту орталығы 2023 жылғы 29 қыркүйекте Республикалық Президенттік олимпиаданың қалалық кезеңін өткізді.
Мақсаты-теориялық білім мен дағдыларды бағалау, дарынды оқушыларды қолдау үшін оңтайлы жағдайлар жасау және олардың әртүрлі деңгейдегі олимпиадаларға қатысуы. Павлодар қаласының 11 сыныптың 33 оқушысы жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша: математика, физика, химия, биологиядан білімдерін тексерді.
Олимпиада қорытындысы бойынша І орынды М. Әуезов атындағы мектебінің оқушысы Калижанова Карина иеленді.
II орынды 6 оқушы иеленді: №2, 39 (2), 41, А. Байтұрсынұлы, С. Торайғыров атындағы мектептер.
III орын 10 оқушы - №5, 7, 21, 24, 25, 26, 29, 35, Ә. Бөкейхан, Ж. Тәшенев атындағы мектептерден.
Олимпиада ережесіне сәйкес ең жоғары ұпай жинаған 7 оқушы 2023 жылғы 3 қазанда өтетін олимпиаданың 1 (өңірлік) кезеңіне қатысуға мүмкіндік алады.