Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВТЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ
02-10-2023 12:46
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВТЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ

«Мағжан оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық байқауының облыстық кезеңіне облыстың жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерінің 7-11 сыныптарының 50 оқушысы, олардың ішінде қалалық кезеңнің 4 жеңімпазы, Павлодар қаласының № 38, М.Жүсіп атындағы орта мектептерінің, А. Бөкейхан атындағы мектеп-лицейінің (2) оқушылары қатысты.

Облыстық байқау 2023 жылдың 29 қыркүйегінде «Абай атындағы дарынды балаларға арналған гимназия-мектебінде  өтті. Ұйымдастырушы – облыстық білім басқармасының «Ертіс дарыны» қосымша білім берудің оқу-әдістемелік орталығы.

Байқаудың мақсаты – көркем әдебиетті, поэтикалық сөзді оқуға деген қызығушылықты арттыру, өз пікірін ғылыми тұрғыдан айта білу дағдыларын дамыту.

Ережеге сәйкес, байқау үш бағыт бойынша өтті. Қатысушылар ақынның өлеңдерін жатқа айтып, өздері шығарған өлеңдерін оқыды, зерттеушілер жаңашыл ақын, сан қырлы қаламгер, педагог-ғалым, кемеңгер жазушы Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған жобаларын қорғады.

Байқау нәтижесінде екі оқушы ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды: «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» бағыты бойынша Ә.Бөкейхан атындағы лицей–мектебінің  10 сынып оқушысы Жылқайдарова Сана,  «Жасынан оқу оқып, өнер қуған...» бағыты бойынша М.Жүсіп атындағы 9 сынып оқушысы Абаева Камила.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар облысы білім басқармасының дипломдарымен марапатталды.