Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Оқушылардың облыстық көптілділік олимпиадасының қалалық іріктеу кезеңінің қорытындысы
06-10-2023 16:53
Оқушылардың облыстық көптілділік олимпиадасының қалалық іріктеу кезеңінің қорытындысы

2023 жылғы 6 қазанда "Павлодар дарыны" бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығы оқушылардың облыстық көптілділік олимпиадасының қалалық кезеңін өткізді.

Жыл сайын олимпиада мектептегі көптілді үздіксіз білім беру жағдайында зияткерлік көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру мақсатында өткізіледі.

Олимпиада 2 кезеңде өтті: І кезеңде қатысушылар берілген тақырыпқа үш тілде эссе жазды, ІІ кезеңде ауызша түрде берілген тақырыпқа көпшілік алдында сөз сөйледі.

Олимпиадаға қаланың 38 жалпы білім беретін мектептерінің 9-11 сыныптың 99  оқушысы қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша 39 жүлдегер анықталды - І орын – 4, ІІ орын – 10, ІІІ орын – 25.

І орынды иеленген қатысушылар ағымдағы жылдың 18 қазанында облыстық кезеңге қатысады.

Барлық жүлдегерлер мен жеңімпаздарды құттықтаймыз! Алдағы оқуда сәттілік тілейміз!