Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Ақберен» қалалық байқауының қорытындысы
12-10-2023 10:41
«Ақберен» қалалық байқауының қорытындысы

Павлодар қаласының білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен  2023 жылғы 11 қазанда № 2 мектепте 8-11 сынып оқушылары арасында «Ақберен» республикалық өнер байқауының қалалық кезеңі  өткізілді.

Байқаудың мақсаты-оқушылардың гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласындағы кәсіби қызметті таңдауға, өлең жазуға, тапқыр талантты ашуға, оқушылардың қабілеттерін (поэтикалық, шешендік шеберлік, түрлі ұлттық аспаптарда ойнау және т.б.) шығармашылық қабілеттерін анықтау.

Байқау алты номинация бойынша өтті, оған қаланың 32 жалпы білім беретін мектебінің 117 оқушысы қатысты.

Конкурс қорытындысы номинациябойынша:

- «Шешендік, бірлік сайысы» I орынды№ 38 мектептің 8 сынып оқушысы Мұратбек Мөлдір, II орынды № 2,  Қ.Бекқожинатындағымектептің оқушылары;III орынды № 33, 35, 39, Ә.Бөкейхан атындағы мектеп-лицейі және М.Жүсіп атындағы мектеп оқушылары иеленді.

- «Көркем сөз оқу» I орынды Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы, Хамитова Амина; II орынды № 30, Қ. Бекқожин атындағы, М.Әуезов атындағы мектеп оқушылары, ІІІ орынды № 2, 21, 33, 38,  41, М.Жүсіп  атындағы мектеп оқушылары иеленді.

- «Эссе жазу»  I орынды № 24 мектебінің 10 сынып оқушысы Жумагулова Назерке; II орынды № 7, 29, 30; III орын Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебі, М.Әлімбаев атындағы, № 17, 33, 35, 40 мектептерінің оқушылары иеленді.

- «Ұлттық аспапта ойнау» I орынды № 17 мектебінің 10 сынып оқушысы Караканов Ерсұлтан; II орынды№ 7, 25, Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің, Кенжекөл мектебінің оқушылары иеленді; III орынды

№ 21, 30, 36, Малайсары батыр атындағы, Қ.Бекқожин, М.Жүсіп, Б.Момышұлы, Ж.Тәшенев атындағы мектеп оқушылары иеленді.

- «Ақындар айтысы» I орынды Қ.Бекқожин атындағы мектебінің

10 сынып оқушысы Мұрат Заңғар; II орынды№ 33 және III орынды Ж.Тәшенев атындағы мектеп оқушылары иеленді.

- «Ақындар мүшайрасы»  I орынды № 17 мектебінің, 10 сынып оқушысы Туғанбай Әмірхан; II орынды №31, 38, Кенжекөл;  № 2, 30, 33, 35, Малайсары батыратындағы, Қ..Бекқожин атындағы мектеп оқушылары  иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім беру бөлімінің

I, II, III дәрежелі дипломдарымен және барлық қатысушылар «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының сертификаттарымен марапатталды.

Олимпиада жеңімпаздары ағымдағы жылдың  13 қазанында облыстық кезеңге өтеді.