8-10 сынып оқушылары арасында республикалық балалар оқулары байқауының облыстық кезеңіне облыстық жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептердің 51 оқушысы қалалық, аудандық кезеңдердің жеңімпаздары, оның ішінде Павлодар қаласының жалпы орта білім беретін мектептерінің № 17, 35, Ә.Бөкейхан атындағы мектеп-лицейінің 3 оқушысы қатысты.
Облыстық байқау 2023 жылдың 12 қазанында дарынды жасөспірімдерге арналған «БІЛІМ – ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатында өтті. Ұйымдастырушы – облыстық білім басқармасының «Ертіс дарыны» қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы.
Іс-шараның мақсаты - оқушылардың оқырман мәдениетін, рухани әлеуетін дамыту, Қазақстан тарихына танымдық қызығушылық пен патриотизмді арттыру. Байқау оқушылардың күрделі проблемалық тапсырмаларды шешу қабілетіндегі, нақты материалға сүйене отырып, өз пікірін дәлелдей білуіндегі жеке жарыс болып табылады.
8-10 сынып оқушылары арасындағы олимпиаданың жүлдегері - № 35 мектебінің 9 сынып оқушы Манат Саида.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстық білім басқармасының дипломдарымен марапатталды