Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
География пәні бойынша жас таланттар
13-10-2023 16:48
География пәні бойынша жас таланттар

«Павлодар дарыны»  бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығы 7-8 сынып оқушылары арасында география пәнінен ұлттық олимпиаданың қалалық (іріктеу) кезеңін өткізді. Олимпиаданы "National Geographic Qazaqstan" журналының редакциясымен бірлесіп "Дарын" РҒПО ұйымдастырды.

Олимпиада пәнді тереңдетіп оқуға деген қызығушылықты арттыру, үздік әлемдік білім беру практикалары арқылы оқушылардың зерттеу қызметін дамытуға және география пәні бойынша олимпиадада оқушылардың сапалы өнер көрсетуіне, тұрақты жұмыс істейтін мектеп географиялық олимпиадалық қозғалысы үшін платформаны қамтамасыз етуге баса назар аудару мақсатында өткізіледі.

Олимпиадалық тапсырмалар географиялық және әлеуметтік маңызы бар, өзекті және қолданбалы географиялық білім мен дағдыларды қажет ететін тақырыптардан, сондай-ақ  физикалық және қоғамдық географияға қатысты мәселелерден тұрды. Қарастырылып отырған тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жасалды.

Ұлттық олимпиаданың қалалық кезеңіне 77 оқушы қатысты, оның ішінде 7 – сынып оқушылары – 39, 8-сынып оқушылары-38.

Олимпиада қорытындысы бойынша 45 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды, оның ішінде: Павлодар қаласы білімберу бөлімінің  I дәрежелі дипломдармен– 4, II дәрежелі дипломдармен – 4, III дәрежелі дипломдармен – 37.

Олимпиаданың барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!