Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қалалық «Жаманбалинов оқулары» байқауы
23-10-2023 15:26
Қалалық «Жаманбалинов оқулары» байқауы

2023 жылғы 19 қазанда "Павлодар дарыны" бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығы «Жаманбалинов оқулары»қалалық кезеңін өткізді.

Байқаудың мақсаты– балдырған ұрпақты отан сүйгіштікке, қазақстандық патриотизмға баулу, көркемсөз оқу арқылы мәнерлеп оқу, жатқа айту дағдыларын жетілдіру, балалардың ойлау, ақпаратты қабылдау қабілеттерін дамыту. 

Оқуларға қаланың 32 жалпы білім беретін мектептерінің 1–4 сыныптың 32  оқушысы қатысты.

Байқау қазақ тілінде 3 кезеңнен өтті. Қатысушылар І кезеңде әділ-қазылар алқасына өздерін таныстырып, жазушы –Мүбәрак Жаманбалиновтың көркем өлеңдерінен үзінділерің мәнерлеп оқыды. ІІ кезеңде қатысушылар ақынның өлең – ертегілерінің бірі бойынша көрініс көрсетті. Соңғы кезеңде Мүбәрәк Жаманбалиновтың өмірі мен шығармашылығына арналған сұрақтарға жауап берді.

Байқау қорытындысы бойынша 4 жүлдегер анықталды. Бас жүлде – 1.

І орын – 1  , ІІ  орын – 1, ІІІ орын – 1.

Бас жүлде  – М.Жүсіп ат. ЖОББМ 1 сынып оқушысы Айтжан Алтын иеленді.

І орын  – №31 ЖОББМ 2 сынып оқушысы Ерғалиқызы Жәннат алды.

ІІ  орын  – №17 ЖОББМ 2 сынып оқушысы Айдарғали Тұрар иеленді.      

ІІІ орын  –  №41 ЖОББМ 3 сынып оқушысы Хасеин Зере марапатталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер, байқауға қатысқан қатысушылар Павлодар қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен және Құрмет грамоталарымен марапатталды.