Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
5 сынып оқушыларына арналған ІІ қалалық математикалық олимпиаданың қорытындысы
26-10-2023 18:07
5 сынып оқушыларына арналған ІІ қалалық математикалық олимпиаданың  қорытындысы

    «Павлодар дарыны»   бос уақытты   қамту және  балалардың    дарындылығын  дамыту орталығы   «Olymp HOUSE» олимпиадалық даярлау орталығымен бірлесіп 5-сынып оқушыларына арналған ІІ қалалық математикалық олимпиада өткізді.

Олимпиаданың мақсаты - дарынды балаларды ерте анықтау және оларды математика ғылымдары саласында ынталандыру.

2023 жылғы 13 қазанда өткен олимпиаданың іріктеу кезеңіне қаланың 40 мектебінен 224  жас математик қатысты.    Ең жоғары ұпай   жинаған 70 оқушы ағымдағы жылдың 20 қазанында өткен қорытынды кезеңге қатысу құқығына ие болды.

70 қатысушының тек 15 оқушысы ғана жеңімпаз және жүлдегер атанды.  І дәрежелі дипломмен  № 36, 38, 21 (2), 11 мектептердің 5 оқушысы марапатталды.  ІІ дәрежелі дипломды  А. Шамкенов атындағы  ЛМ, № 18, 43, 38, 39    мектептердің 5 оқушысы иеленді. ІІІ дәрежелі дипломға  А. Шамкенов атындағы  ЛМ (2),                      М. Әлімбаев атындағы  және № 41, 21 мектептердің 5 оқушысы  ие болды.

         Жоғары деңгейдегі олимпиадаларға одан әрі жүйелі дайындау  мақсатында барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер   дарынды балаларға арналған №8  жетекші олимпиадашылары мен халықаралық және республикалық олимпиадалардың 100-ден астам жүлдегерлерін дайындаған педагог-шебер Л. В. Стадникованың жетекшілігімен "Практикум" волонтерлік арнайы курсына оқуға шақырылды.

        Олимпиаданың қорытынды кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Павлодар дарыны» бос уақытты   қамту және  балалардың     дарындылығын дамыту орталығының дипломдары  және «OLYMP HOUSE» олимпиадалық даярлау орталығының ақшалай сыйақыларымен марапатталды .