Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
"Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері мен даму жоспарлары" қалалық пікірсайыс турнирі
30-10-2023 15:50

2023 жылғы 27 қазанда Қазақстан Республикасы Күнін мерекелеу аясында Павлодар қаласының білім бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығымен Малайсары батыр "Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері мен болашаққа жоспарлары" тақырыбында қалалық пікірсайыс турнирі ұйымдастырылды.

            Турнирге қала мектептерінің 17 командасынан 38 оқушы қатысып, әлеуметтік, білім беру және сыртқы саяси тақырыптарды талқылады.

           "Чейр-винги" жүйесінде Британдық парламенттік форматта өткен турнирге төрешілер ретінде  12 пікірсайысшыдан тұратын төрешілер алқасы Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің "VERITAS" пікірсайыс клубының мүшелері, және турнирдің бас төрешісі  "VERITAS" пікірсайыс клубының төрағасы Алимов Никита Альбертович қатысты.

             Турнир қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен Аққабақ Адели мен Билик Надежда құрамында "Феникс" командасы, №17 орта мектеп оқушылары, ІІ дәрежелі дипломмен "Юниорлар" командасы, Карнаухова Полина мен Дукач Ольга, №29 орта мектеп оқушылары, ІІІ дәрежелі дипломмен - "Infinity" командасы, құрамында  Комаристого Александра мен Марсова Эллина, №43 орта мектеп оқушылары марапатталды.

            М. Жүсіп атындағы орта мектеп оқушылары Абай Арнұр мен Алтыбай Қайырдан құралған "Зияткер" командасы Құрмет грамотасымен марапатталды.