Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Облыстық «Зерде» байқауының қорытындысы
03-11-2023 16:15
Облыстық «Зерде» байқауының қорытындысы

Дарынды және талантты жас зерттеушілерді анықтау және қолдау, елдің зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу мақсатында 2023 жылғы 2 қарашада Павлодар қаласының № 25 мектебінде 2-7 сыныптар арасында «Зерде» республикалық зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының облыстық кезеңі өткізілді. Байқаудың облыстық кезеңіне Павлодар облысының 475 оқушысы, оның ішінде Павлодар қаласының 34 жалпы білім беретін мектебінің 105 жобасымен 117 оқушы қатысты.

Зерттеу жобаларын қорғау 12 секцияда өтті: қазақ тілі мен әдебиеті; орыс тілі мен әдебиеті, шет тілдері; математика, қолданбалы математика; физика, ғарыш; туризм және спорт; тарих, өлкетану; этномәдениеттану; химия, биология; медицина, психология, экология; информатика, робототехника, STEM инженерия; технология және өнер.

Байқау қорытындысы бойынша Павлодар қаласының 70 оқушысы жеңімпаз және жүлдегер атанды, 61 зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалардың авторлары, оның ішінде І орында – 5 жобаның авторы (6 қатысушы), ІІ орында – 19 жобаның авторы (21 қатысушы), ІІІ орында – 37 жобаның авторы (43 қатысушы) марапатталды.        

I орынды № 7 мектептің 7 сынып оқушысы Серікболқызы Іңқар химия, биология секциясында, № 14 ЖОМ 3 сынып оқушылары Жестовский Матвей және Сокрута Артем технология және өнер секциясында, № 17 ЖОМ 7 сынып оқушысы Турсунова Мерей, орыс тілі мен әдебиеті секциясында және 4 сынып оқушысы Ерофеева Алена химия, биология секциясында, № 26 ЖОМ 4 сынып оқушысы Ищук Дарья туризм және спорт секциясында иеленді.     

II орын № 7, 11, 17 (2), 21, 25 (2), 27, 29, 35, 39 (2), 40, А. Шәмкенов,   Ә. Бөкейхан, Б. Момышұлы,С. Торайғыров (2), Ж. Тәшенев атындағы мектеп оқушылары иеленді, III орынды - № 2 (4), 6, 7 (3), 11, 17, 18, 26, 29 (2), 30, 35 (3), 39 (3), 41, Ш. Шөкин, М. Әлімбаев, М. Жүсіп, Ә. Бөкейхан (7), Б. Момышұлы, С. Торайғыров (3), М. Әуезов мектеп оқушылары иеленді.

Қатысудың жоғары рейтингісін Павлодар қаласының  № 2, 7, 17, 29, 35, 39, Ә. Бөкейхан және С. Торайғыров атындағы мектеп оқушылары көрсетті. 

І орын алған оқушылар Республикалық байқауға қатысады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды. Барлық қатысушылар "Ертіс дарыны" ӨҚББОӘО  сертификаттарымен марапатталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің тізімі қоса беріледі.