Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Махамбет оқулары» байқауының қорытындысы
03-11-2023 15:37
«Махамбет оқулары» байқауының қорытындысы

Павлодар қаласының білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен  2023 жылғы 3 қарашада №2 мектепте 8-11 сынып оқушылары арасында «Махамбет оқулары» республикалық байқауының қалалық кезеңі  өткізілді.

Байқаудың мақсаты – дарынды оқушыларды дамыту және қолдау, олардың ақынның шығармашылығына деген танымдық қызығушылығын арттыру.

Махамбет Өтемісұлы – ақын, сазгер және күй орындаушы, халық бастаған жауынгер; азат, тәуелсіз Қазақстанды көруді армандаған күрескер, рухы биік ақын. Оның асқан ақындық қабілетін барша жұрт мойындады.

Байқауға қаланың 32 жалпы білім беретін мектебінің 8-11 сыныптың  оқушылары қатысты.

Оқулар бес номинация бойынша өтті: «Ұлы арман» - Махамбет шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу; «Ел құтқарар ер едім...» - Махамбет шығармаларын жатқа оқу; «Шашақты найза, шалқар күй» - Махамбет күйлерін орындау; «Тартынбай сөйлер асылмын...» - жас ақындардың өз туындыларын мәнерлеп оқу конкурсы;«Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер» - «Хандар мен ел билеушілер», «Батырлар» тақырыбының бірін қорғау.

Байқау қорытындысы бойынша  64 талантты оқушы өз шеберлігін көрсетті,  38           қатысушы жүлдегер атанды, оныңішінде: I орын - 5 оқушы,   II орын – 14, III орын – 19 оқушы.

«Ұлы арман»номинациясы бойынша I орынды № 35 мектебінің 10 сынып оқушысы Табылды Әмір, II орынды № 2, 5, 17, 43, Ш.Шөкин атындағы гимназия-мектебінің, Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің,  М.Жүсіп атындағы  мектеп оқушылары; III орынды № 29, 31, 40, А.Байтұрсынұлы, Ж.Тәшенев атындағы мектеп оқушылары иеленді.

«Ел құтқарар ер едім...»-I орынды Кенжекөл мектебінің 10 сынып оқушысы Шариаздан Камила; II орынды №  30, 38 мектеп оқушылары; III орынды № 29, 33, Ә.Бөкейхан атындағы лийец-мектебі,  М.Жүсіп, Ж.Тәшенев атындағы мектеп оқушылары иеленді.

 «Шашақты найза, шалқар күй»- І орынды № 17 мектебінің 9 сынып оқушысы Караканов Ерсултан; ІІ орынды М.Әуезов атындағы мектебінің оқушысы; ІІІ орынды Кенжекөл мектебінің оқушысы иеленді.

«Тартынбай сөйлер асылмын...»- І орынды № 2 мектебінің 10 сынып оқушысы Иксатов Ерасыл; ІІ орынды №17, М.Жүсіп атындағы мектебінің оқушылары; ІІІ орынды № 35, Кенжекөл,  Қ.Бекқожин, С.Торайғыров, Ж.Тәшенев атындағы мектептің оқушылары иеленді.

«Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер»- І орынды М.Жүсіп атындағы мектебінің 10 сынып оқушысы Канапина Медея; ІІ орынды № 2, 29  мектебінің оқушылары; ІІІ орынды Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің, М.Әлімбаев, Ж.Тәшенев атындағы мектептің оқушылары иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім беру бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен және барлық қатысушылар «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының сертификаттарымен марапатталды.

Олимпиада жеңімпаздары ағымдағы жылдың 9 қарашасында өтетін облыстық кезеңге қатысады.