Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Махамбет оқулары» республикалық байқауының облыстық кезеңі
16-11-2023 09:25
«Махамбет оқулары» республикалық байқауының облыстық кезеңі

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылғы 14 қарашада 8-11 сынып оқушылары арасында «Махамбет оқулары» республикалық байқауының облыстық кезеңін өткізді.

Іс-шараға 3 қаланың, 8 ауданның жалпы білім беру ұйымдарының 73 оқушысы және дарынды балаларға арналған 12 мамандандырылған мектеп, оның ішінде Павлодар қаласынан «Махамбет оқулары» қалалық кезеңінің 5 жеңімпазы қатысты.

Байқау бес бағыт бойынша өткізілді: «Ұлы арман» – Махамбет шығармасына иллюстрация; «Ел құтқарар ер едім...»- ақынның өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу;  «Шашақты найза, шалқар күй» – Махамбет күйлерін орындау; «Тартынбай сөйлер асылмын...» – жас ақындар сайысы; «Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен  өткен ер»- «Хандар мен ел билеушілер», «Батырлар» тақырыптарының бірін қорғау.

Іс-шара қорытындысы бойынша конкурсқа 5 қатысушы жүлдегер атанды, оның ішінде І орын – 1, ІІ орын – 3, ІІІ орын – 1.

«Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен  өткенер»бағытында І дәрежелі диплом иегері Мәшһүр Жүсіп атындағы мектептің 10 сынып оқушысы  Қанапина Медея; «Ұлы арман» бағытында ІІ дәрежелі дипломмен №35 орта мектептің 10 сынып оқушысы ТабылдыӘмір;«Шашақты найза, шалқар күй» бағытында ІІ дәрежелі дипломмен №17 орта мектептің 9 сынып оқушысы Қараканов Ерсұлтан; «Ел құтқарар ер  едім...» бағытында ІІІ дәрежелі дипломмен Кенжекөл орта мектебінің 10 сынып оқушысы Шариазден Камила;«Тартынбай сөйлер асылмын...»бағытында ІІ дәрежелі дипломмен Павлодар қаласының №2 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Иксатов Ерасыл марапатталды;

Облыстық кезеңнің жеңімпазы Медея Канапина республикалық конкурсқа қатысу құқығын алады.