Президенттік олимпиаданың қорытындысы
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндері бойынша XVІ Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңі аяқталды. Қазақстанның барлық өңірлерінен 199 оқушы үздік болу құқығы үшін күресті. Зияткерлік жарыстар ағымдағы жылдың 21-24 қараша аралығында академик Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің базасында өтті.
Президенттік олимпиада-бұл еліміздің дарынды оқушыларын анықтауға және олардың әлеуетін іске асыруға қолдау көрсететін, сондай-ақ жарқын болашаққа трамплин ретінде қызмет ететін бірегей жоба.
Павлодар облысын 13 оқушыдан тұратын команда, оның ішінде Павлодар қаласынан келген екі оқушы – № 39 ЖОББМ оқушысы Ілияс Әмірәлі және А. Байтұрсынов атындағы ЖОББМ оқушысы Әбішев Нариман қатысты .
XVІ Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңінің қорытындысы бойынша 10 қатысушы I дәрежелі дипломмен, 15 қатысушы II дәрежелі дипломмен және 27 қатысушы ҚР Білім министрлігінің III дәрежелі дипломымен марапатталды. Олардың ішінде І дәрежелі дипломмен Павлодар қаласы А. Байтұрсынов атындағы ЖОББМ оқушысы - Әбішев Нариман марапатталды.
Президенттік олимпиада жеңімпаздарына білім гранттары берілді. Әбішев Нариман Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетіне оқуға 100% грант алды.
А. Байтұрсынов атындағы ЖОББМ әкімшілігі мен Нариманды жеңісімен құттықтаймыз!