Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Жалпы білім беру пәндері бойынша қалалық олимпиада өткізу туралы
08-12-2023 09:52

2023 жылы 19 - 21 желтоқсанда Ж. Тәшенев атындағы жалпы орта білім беру мектебінде (Ворушин к., 6/2) Павлодар қаласы білім беру бөлімі  «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық  олимпиаданың қалалық кезеңі өткізіледі.

Мақсаты – білім беделін көтеру, халықаралық  олимпиадаға қатысуға дайындық, дарынды балаларды айқындау үшін жағдай құру, өзін-өзі жүзеге асыруға көмектесу, практикалық іскерлігі мен теориялық білімдерін тереңдету, шығармашылық қабілетін дамыту.

Олимпиаданың қалалық кезеңіне Павлодар қаласының  42 жалпы білім беру мектептерінен 9 - 11 сыныптың  780 оқушысы қатысады.

Жалпы білім беру пәндері бойынша олимпиада 2 бағыт бойынша 2күнде өткізіледі: жаратылыстану-математикалық (математика, информатика, физика, химия, биология, география); гуманитарлық (қазақ тілі және әдебиет, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, орыс тілі және әдебиет, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі).

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласының білім беру бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

Қалалық кезеңнің жеңімпаздары қаңтар айында олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысады.

 

 

Павлодар қаласы білім беру бөлімі                                                                      «Павлодар дарыны»бос уақытты қамту және балалардың                      дарындылығын дамыту орталығы