Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің қорытындысы
22-12-2023 18:08
Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің қорытындысы

2023 жылғы 19-21 желтоқсан аралығында Ж. Тәшенев атындағы орта мектепте жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өтті.

        Олимпиаданың мақсаты-шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен практикалық дағдыларын тереңдету, өзін-өзі жүзеге асыруға жәрдемдесу, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға қатысуға дайындау, білім берудің беделін арттыру.

            Олимпиаданың қалалық кезеңіне Павлодар қаласындағы 42 жалпы білім беретін мектептен 9-11 сыныптың 747 оқушысы қатысты.

         Жалпы білім беретін пәндер бойынша Олимпиада екі күн 2 бағыт бойынша өткізілді: жаратылыстану-математикалық (математика, информатика, физика, химия, биология, география) және қоғамдық-гуманитарлық (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, мемлекеттік тілде оқитын мектептердегі  орыс тілі, орыс тілі мен әдебиеті,  Қазақстан тарихы, құқықтану негіздері, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі).

        Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Павлодар қаласының білім бөлімінің дипломдарымен марапатталды. Олимпиада жеңімпаздары 2024 жылдың қаңтар айында облыстық олимпиадаға қатысады.

          Олимпиада қорытындысы бойынша «Үздік олимпиадалық команда-2023» номинациясымен жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша І дәрежелі дипломмен № 39 орта мектеп, ІІ дәрежелі дипломмен Ахмет Байтұрсынұлы және Солтанмахмұт Торайғыров атындағы мектептер,ІІІ дәрежелі дипломмен – Әлихан Бөкейхан атындағы лицей-мектебі және №29, 11, 17 мектептер марапатталды.

         Қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша «Үздік олимпиадалық команда-2023» номинациясына: І дәрежелі дипломмен Жұмабек Тәшенев атындағы орта мектебі және № 39 орта мектеп, ІІ дәрежелі дипломмен - Әлихан Бөкейхан атындағы лицей-мектебі және № 2 мен 29 мектептер, ІІІ дәрежелі дипломмен - Ахмет Байтұрсынұлы және Машһүр Жүсіп атындағы мектептер мен  №11мектеп ие болды.