Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Әбіш оқулары туралы
28-12-2023 10:53
Әбіш оқулары туралы

Павлодар қаласы білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығымен   2024 жылғы  9 қаңтарда сағат 10.00-де №7 мектепте (Жеңіс алаңы, 13) «Әбіш оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсының қалалық  кезеңі өткізіледі.

 Байқаудың мақсаты-поэзияға деген қызығушылықты қалыптастыру, өз ойларын ғылыми тұрғыда дәйекті түрде жеткізе білу қабілетінде өз білімін сынау, қазақ көркем әдебиетін оқуға баулу.

               Оқуларға  8-11 сынып оқушылары, байқаудың мектеп кезеңінің жеңімпаздары қатысады.

           Оқулар төрт номинация бойынша өтеді: - Әбіш Кекілбаев шығармаларынан «Иллюстрациялық суреттер салу»; - Ә.Кекілбаевтың шығармаларын жатқа оқу; - Ә.Кекілбаевтың шығармалары бойынша «Зерделеу жоба» конкурсы; - «Сахналық қойылым».

            Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Қалалық оқу жеңімпаздары облыстық кезеңге қатысады.