Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі 7-сынып оқушылары үшін 2024 жылғы 7 ақпанда №7 ЖОББМ базасында өткізіледі.
Олимпиада екі бағыт бойынша өтеді: жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық.
Олимпиаданың негізгі мақсаты- жасөспірімдерді жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындау жүйесін жетілдіру және резерв құру.
Олимпиадаға барлығы 7 сыныптың 386 оқушысы қатысты. 11 пән бойынша 30 тест тапсырмасы беріледі, "информатика" пәні бойынша тапсырмалар компьютерлерде орындалады.
Олимпиада қорытындысы бойынша І орын - 14; ІІ орын - 53 , ІІІ орын- 184.
Олимпиаданың ережесіне сәйкес жеңімпаздар республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысу құқығын алады.
Олимпиаданың қалалық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қалалық білім бөлімінің дипломдарымен марапатталады.