2024 жылғы 7-8 ақпанда № 7 және № 11 мектеп базасында 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өткізілді.
Олимпиада екі бағыт бойынша өтті: жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық.
Олимпиаданың негізгі мақсаты- жасөспірімдерді жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындау жүйесін жетілдіру және резерв құру.
Олимпиадаға барлығы 7 -8 сыныптың 792 оқушысы қатысты. 11 пән бойынша 30 тест тапсырмасы беріледі, «информатика» пәні бойынша тапсырмалар компьютерлерде орындалды.
Олимпиада қорытындысы бойынша: І орын - 28 оқушы; ІІ орын - 113 , ІІІ орын - 240.
Олимпиаданың ережесіне сәйкес жеңімпаздар республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысу құқығын алады.
Олимпиаданың қалалық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қалалық білім бөлімінің дипломдарымен марапатталады.