Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Бастауыш сынып оқушыларына арналған математика пәні бойынша І қалалық логикалық олимпиада
14-02-2024 10:28
Бастауыш  сынып оқушыларына арналған математика пәні бойынша  І қалалық логикалық олимпиада

«Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы мен    Малайсары батыр атындағы жалпы білім беретін орта мектебі бірлесіп  2024 жылы 13 ақпан күні мемлекеттік тілде 1-4 сынып оқушыларына арналған  математика пәні бойынша I қалалық логикалық олимпиада өткізді.

Олимпиаданың негізгі мақсаты - бастауыш мектеп оқушылары арасында математикаға ерекше қабілетті дарынды балаларды анықтау, логикалық ойлау қабілетін, ой – өрісін дамыту, белсенділігін, математикаға деген қызығушылықтарын арттыру, математика пәнінен оқушылардың білімін тереңдету және кеңейту.

Олимпиадаға қаланың  38 жалпы білім беру мектептерінен   1-4 сыныптың  149 оқушысы қатысты.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша 67 оқушы жүлделі орынға ие болды, оның ішінде : І - дәрежелі диплом -6, ІІ дәрежелі диплом – 20, ІІІ дәрежелі диплом – 41

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім беру бөлімінің дипломдарымен марапатталды.