20 ақпан сағат 10.00-де Павлодар қаласы білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен А. Шәмкенов атындағы лицей-мектебінде 2-4 сынып оқушылары арасында республикалық математикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өткізіледі.
Олимпиаданың мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының математикалық қабілеттері ерекше дамыған дарынды балаларды айқындау, қолдау, математикадан білімдерін тереңдету және кеңейту болып табылады.
2-4 сынып оқушылары, олимпиаданың мектеп кезеңінің жеңімпаздары қатысады. Қалалық олимпиадаға қатысу үшін квота қазақ тілінде оқытатын мектептерден және орыс тілінде оқытатын мектептерден 3 адамнан тұрады.
Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласының білім бөлімінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
Олимпиаданың қалалық кезеңінің жеңімпаздары облыстық кезеңіне қатысады.
«Павлодар дарыны» БУҚБДДО