«Әбіш оқулары» байқауының облыстық кезеңіне облыстың жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерінің 8-11 сыныптың 120 оқушысы, қалалық, аудандық кезеңдердің жеңімпаздары, № 21 (5), 33, Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің және Қ.Бекқожин, М.Әлімбаев, Мәшһүр Жүсіп атындағы Павлодар қаласы мектептерінің 8 оқушысы қатысты.
Оқулар 2024 жылдың 26 ақпанында дарынды №7 мектебінде өтті. Ұйымдастырушысы облыстық білім басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы болып табылады.
Ережеге сәйкес байқау 4 бағыт бойынша өткізілді.
Байқау қорытындысы бойынша «Иллюстрация» бағытында ІІ орынды Ә.Кекілбаевтың «Құс қанаты» және «Ең бақытты күн» шығармаларына иллюстрациясын көрсеткен М.Әлімбаев атындағы мектептің 11 сынып оқушысы Петрова Полина иеленді.
«Мәнерлеп оқу» бағытында ІІІ орынды Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің 8сынып оқушысы Хамитова Амина, иеленді. Амина «Өмір – күрес» прозасынан үзінді оқыды.
«Зерделеу жұмысы» бағыты бойынша ІІІорынды № 33 мектептің 10 сынып оқушысы Оразбек Дария иеленді.
Облыстық «Әбіш оқулары» байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Павлодар облысы білім басқармасының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.