Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Бастауыш сынып оқушыларының математикалық олимпиадасының қорытындысы
27-02-2024 16:58
Бастауыш сынып оқушыларының математикалық олимпиадасының қорытындысы

       Оқушыларды жоғары деңгейдегі зияткерлік жарыстарға тиімді дайындау, математикадан дарынды балаларды қолдау мақсатында 2024 жылғы 27 ақпанда А. Шамкенов атындағы мектеп-лицейінде бастауыш сынып оқушыларының "Бастау" математикалық олимпиадасының қалалық кезеңі өткізілді. Павлодар қаласындағы 42 жалпы білім беретін мектептен 2-4 сыныптың 217 оқушысы қатысты.

Олимпиада екі турда өткізілді: жеке жазбаша (іріктеу); жеке ауызша. Іріктеу турында жалпы ұпай  санының 70%  астамын жинаған оқушылар екінші турға қатысуға жіберілді. 217 қатысушының ішінен екінші турға 109 оқушы қатысты.     

Екінші турдың міндеттерін шешу қазылар алқасының мүшелеріне ауызша тапсырылды. Әр тапсырма бойынша барлығы төртеу болды, қатысушы тек бір тәсіл жасай алды.

         Олимпиада қорытындысы бойынша 62 жас математик жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде І орын - 13 оқушы, ІІ орын – 17, ІІІ орын – 32.

         2 сынып оқушылары арасында І орынды № 26, 38, 39, М. Әуезов атындағы, Жетекші орта мектептері, ІІ орынды № 7, Ш. Шөкин, С. Торайғыров,                           А. Байтұрсынұлы, «Академия успеха», «Детвора». ІІІ орынды - № 6, 11, 17, 21, 24, 25, 29 (2), 36, 41, К. Макпалеев, А. Шамкенов, М. Жүсіп, А. Байтұрсынұлы, Кенжекөл  мектептерінің  оқушылары иеленді.

         3 сынып оқушылары арасында І орынды Ш.Шөкин, С. Торайғыров,                          А. Байтұрсынұлы, "Детвора", ІІ орынды № 11, 14, 35, А. Шамкенов атындағы,                    ІІІ орынды -№ 7, 24, 38, 39 (2), М.Әлімбаев, М. Әуезов, Ә. Бөкейхан атындағы мектеп-лицей оқушылары иеленді.

         4 сынып оқушылары арасында І орынды № 29, 35, 40, М. Жүсіп атындағы мектеп оқушылары иеленді. ІІ орынды № 27, 29, 30, 36, Б.Момышұлы атындағы ЖОМ, А. Шамкенов атындағы мектеп-лицей, Жетекші ЖОМ оқушылары иеленді. ІІІ орынды - № 6, 17, 21, 24, 25, 39, М.Әлімбаев, М. Әуезов, Ә. Бөкейхан атындағы мектеп-лицей оқушылары иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласының білім бөлімінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Барлық қатысушыларға "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының сертификаттары берілді. Қалалық олимпиада жеңімпаздары ағымдағы жылдың ақпан айында облыстық кезеңге қатысады.