Павлодар қаласы білім бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2024 жылғы 29 ақпанда 7-8 сынып оқушылары арасында орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша "Брейн - ринг" зияткерлік ойыны өткізілді.
Ойынның мақсаты - оқушыларды жоғары деңгейдегі зияткерлік жарыстарға тиімді дайындау, орыс тіліне деген қызығушылықты дамыту, оқушылардың ой-өрісін кеңейту. "Брейн-ринг" ойынына қаланың 29 мектебінен 58 оқушы қатысты.
Зияткерлік ойын екі кезеңде өтті: I кезең-орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша тест тапсырмаларын жеке орындау, II кезең - "Брейн-ринг" командалық ойыны. Ойын қорытындысы бойынша 5 команда жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде I орын -4, II орын - 4, III орын – 2 оқушы.
І орынды Ш.Шөкин атындағы гимназия –мектебінің оқушылары Медведева Алина, Әжібаева Агния және № 26 ЖОББМ командасы Алимбаева Камила, Лузик Виктория иеленді.
ІІ орынды № 17 ЖОББМ командасы Бақтжанова Аяла, Семенов Александр, № 21 ЖОББМ командасы Кусаинова Милана, Кабаева Анна иеленді.
III орынға А. Байтұрсынұлы атындағы мектеп оқушылары Халитов Кәрім, Ахмадиев Рауль ие болды .
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Барлық қатысушыларға "Павлодар дарыны" орталығының сертификаттары берілді.