Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қала оқушылары Абай шығармаларын білуде жарысты
06-03-2024 10:33
Қала оқушылары Абай шығармаларын білуде жарысты

Павлодар қаласы білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығымен  № 14 мектепте                2024 жылы 5 наурызда «Абай оқулары» республикалық байқауының қалалық кезеңі өткізілді.

     Байқаудың мақсаты-ақын Абай мұрасын жас ұрпаққа насихаттау және ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Абай Құнанбаев әлі күнге дейін ұлы ойшылдардың бірі болып саналады, өйткені ол өз еңбектерінде адам бейнесінің жоғары құндылығын дәріптеп, мәңгілік философиялық мәселелерге  жауап іздеді.

      Абай Құнанбайұлы еліміздің тарихында ғалым, ойшыл, ақын, ағартушы, жаңа ұлттық әдебиеттің негізін қалаушы, аудармашы және композитор ретінде өшпес із қалдырды.

       Байқауға қаланың 38 жалпы білім беру мектебінен 8-11 сыныптың 106 оқушысы қатысты, оның ішінде 60 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды.

Абай шығармалары бойынша «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» бағытында 13 қатысушы жеңімпаз және жүлдегер атанды. І орынды Б.Момышұлы атындағы мектебінің 9 сынып оқушысы Базарбай Мерейгүл, ІІ  орынды № 7, 14, 17, 30, 33, 38 мектеп, ІІІ орынды  № 5, 31, 35, Ш.Шөкин атындағы гимназия-мектебінің, А.Шәмкенов атындағы лицей-мектебінің және Мәшһүр Жүсіп атындағы мектеп оқушылары  иеленді.

Екінші бағытта «Абайдың қара сөздері» - Абайдың қара сөздерін жатқа оқу бойынша  жүлделі орындармен марапатталды. І дәрежелі дипломмен № 29 мектебінің 9 сынып оқушысы Сакенова Жанель,  ІІ орынды № 2, 17, Ж.Тәшенев атындағы мектеп, ІІІ орынды № 25, Қ.Бекқожин атындағы, Мәшһүр Жүсіп атындағы және Жетекші мектеп оқушылары иеленді.

«Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясында - Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын оқу. І дәрежелі дипломмен № 2 мектептің 9 сынып оқушысы Қанағатқызы Толғанай, ІІ дәрежелі дипломмен № 38, Ж.Тәшенев атындағы мектеп, ІІІ дәрежелі дипломмен № 17, 33, Мәшһүр Жүсіп атындағы мектептердің оқушылары марапатталды.

       «Көңілім әнді ұғады» номинациясында - әндер мен күйлерді орындаушылар байқауы. І орынды № 17 мектебінің 11 сынып оқушысы Петрова Полина және Ә.Бөкейхан атындағы лицей–мектебінің 8 сынып оқушысы Сейтбатталова Айзия, ІІ орынды № 25, 29, 36, 41, 43, М.Әлімбаев атындағы, Кенжекөл мектеп оқушылары, ІІІ орынды № 2, 7, 26, 30, 33, 35, Мәшһүр Жүсіп атындағы, Б.Момышұлы, А.Байтұрсынұлы, М.Әуезов атындағы мектеп оқушылары иеленді.

        «Жүйріктен  жүйрік озар жарысқанда» номинациясы жас дарындар байқауы. І орынды Мәшһүр Жүсіп атындағы мектептің 11 сынып оқушысы Шахмарданов Темирлан, ІІ орынды № 17, Ж.Тәшенев атындағы мектеп оқушылары, ІІІ орынды № 7, 31, имени Қ.Бекқожин атындағы, Б.Момышұлы атындағы, С.Торайғыров атындағы мектеп оқушылары иеленді.

«Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі» номинациясы бойынша оқушы Абай  туралы көркем туындыларды толық білу, талдау жасай алуы керек. І орынды Мәшһүр Жүсіп атындағы мектептің 11 сынып оқушысы Қайыргелді Ерасыл, ІІ орынды Ә.Бөкейхан атындағы лицей–мектебінің және № 25, 33 мектеп, ІІІ орынды № 24, 29 мектеп оқушылары иеленді.

          Барлық қатысушылар «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының сертификаттарымен марапатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы  білім бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

Қалалық турдың жеңімпаздары облыстық оқу кезеңіне қатысады.