Ағымдағы жылдың 24-28 наурыз аралығында Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің базасында 2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» XVII республикалық математикалық олимпиадасы өтті.
Олимпиаданың негізгі мақсаты-бастауыш мектеп жасындағы балаларды анықтау, дамыту және қолдау, олардың математикадан білімдерін тереңдету және кеңейту.
Олимпиаданың республикалық кезеңіне Қазақстанның барлық облыстарынан, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 44 команда құрамында 2-4 сыныптың 132 оқушысы қатысты. Павлодар облысынан 6 оқушы, құрамында 2 команда, оның ішінде Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінен 3 оқушы қатысты: Останин Роман, Жетекші мектебінің 2-сынып оқушысы, Ленинг Катриана, А.Байтұрсынов атындағы мектептің 3-сынып оқушысы, Станкеев Егор, №29 орта мектептің 4-сынып оқушысы.
Олимпиаданың республикалық кезеңі командалық жарыс түрінде үш турда өткізілді: 1 тур – «Әу, баста!» (командалық сынақ); 2 тур «Көкпар» (командалық сынақ); 3 тур – «Математикалық бәйге» (ауызша жеке сынақ).
Олимпиаданың ерекшелігі – ол командалық есепті және жеке есепті қарастырады. Іс-шара қорытындысы бойынша командалық есепте Павлодар қаласыныңкомандасы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.
Жеке есепте II дәрежелі дипломға Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектептің 3 сынып оқушысы Ленинг Катриана ие болды!
Жас жүлдегерлерімізді құттықтаймыз және оларға табыс тілейміз!