Жаратылыстану-математикалық бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша информатика және география бойынша республикалық олимпиаданың қорытындысы
2024 жылғы 24-28 наурыз аралығында Алматы қаласындағы Haileybury Almaty халықаралық мектебінде 9-11 (12) сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша информатика және география бойынша республикалық олимпиада өтті.
Олимпиадаға республиканың түкпір-түкпірінен 295 оқушы қатысты. Павлодар облысынан 7 оқушы қатысты, оның ішінде география пәні бойынша №39 орта мектептің 9 сынып оқушысы – Соколов Вячеслав.
Республикалық олимпиаданың және табанды күресінің қорытындысы бойынша Соколов Вячеслав алтын медаль иегері атанды.
Вячеславты құттықтаймыз және одан әрі сәттілік тілейміз!