Қарағанды қаласында 2024 жылғы 30 наурызда робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар бойынша "ROBOLAND-2024" халықаралық фестивалі өтті. Финалдық жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан және Ресейден 300-ден астам үздік команда қатысты.
RoboLand-Қазақстандағы алғашқы және ірі робототехникалық жоба, техникалық шығармашылық пен жаңа технологиялардың ең ауқымды форумы. Мектеп командаларының қатысуы педагогтар үшін беделді және маңызды: RoboLand ҚР Білім Министрлігінің олимпиадалар мен конкурстар тізбесіне енгізілген.
Қазақстан барлық облыстар мен Республикалық маңызы бар қалалардың жас таланттарымен таныстырылды. Павлодарлық оқушылар "Сатурн" Робототехника мектебінің құрамында өнер көрсетті.
№2 мектептің 2 сынып оқушысы Рыспек Айсұлтан мен Р. Нұртазин атындағы мектептің 3 сынып оқушысы Хазиев Максим "Суды тазартудың роботтандырылған жүйесі"жобасымен шығармашылық санатта қола жүлдегер атанды.