Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті және қазақ тілі пәні бойынша қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық олимпиаданың қорытындысы
05-04-2024 15:50
Орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті және қазақ тілі пәні бойынша қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық олимпиаданың қорытындысы

Қостанай қаласында 2024 жылғы 1-5 сәуір аралығында Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының базасында 9-11(12) сынып оқушылары арасында орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті және қазақ тілі пәнібойынша қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.

Олимпиадаға облыстық кезеңдердің 180 жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты, оның ішінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 96 қатысушы және орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілі бойынша 84 қатысушы.

Павлодар облысынан8 оқушықатысты, оның 3-і Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары. Павлодар қаласының намысын: қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша - №2 орта мектептің 11 сынып оқушысы Дүйсембаева Томирис, орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілі пәні бойынша - №17 орта мектептің 10 сынып оқушысы Хорошавина Кира, №29 орта мектептің 11 сынып оқушысы Шарафиев Камильқорғады.

Олимпиаданың республикалық кезеңінің қорытындысы бойынша павлодарлық оқушылар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының қола медалін және Құрмет грамотасын жеңіп алды. Қола медаль иегері №2 мектеп оқушысы Дүйсембаева Томирис, №29 мектеп оқушысы Шарафиев Камиль Құрмет грамотасымен марапатталды.

Қатысушылар мен мектеп әкімшілігін құттықтаймыз! Әрі қарай  жеңіске жете беріңіздер!