Робототехника бойынша халықаралық чемпионаты
5-7 сәуір аралығында Красноярск қаласында (Ресей) робототехника бойынша 5.0 «Лига» халықаралық чемпионаты өтті.
Чемпионатқа Ресей, Қазақстан және Қырғызстанның барлық өңірлерінен 3000-нан астам қатысушы, оның ішінде «Сатурн» робототехника мектебінің Павлодарлық «Ренессанс» командасы: №27 орта мектептің оқушысы Гейер Элеонора, Шамкенов атындағы мектеп-лицейдің оқушысы Каван Эльдар және №18 орта мектептің оқушысы Пфафенрот Артур (команда жетекшісі - Ли Алексей Олегович)қатысты.
«Ренессанс» командасы айдағы тау-кен және суды тазарту жобасын ұсынды және кубок, медаль мен сыйлықтармен марапатталды.
Сатурн робототехника мектебі 2025 жылдың көктемінде Оңтүстік Сахалинскіде (Ресей) өтетін келесі Лига Чемпионатына квота алды.