Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Жас сәтбаевшылар" 7-8 сынып оқушылары арасында география пәнінен І қалалық олимпиада туралы анонс
10-04-2024 15:14

       Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орайластырылған "Жас сәтбаевшылар" 7-8 сынып оқушылары арасында география пәнінен І қалалық олимпиаданың іріктеу кезеңі 2024 жылғы 17 сәуірде сағат 15.00-де №7 мектепте өтеді.

        Олимпиаданың мақсаты- географиялық білім деңгейін арттыру оқушылардың ғылыми-зерттеу іс-әрекетін дамытуға баса назар аудара отырып, табиғи және қоғамдық географиямен айналысатын неғұрлым дайын және талантты оқушыларды іздеу және қолдау.

         Олимпиада "Павлодар география үйі" қоғамдық бірлестігімен бірлесіп өткізіледі.

         Олимпиаданың 1 кезеңі – іріктеу(тест тапсырмалары, қысқа ашық жауап тапсырмалары және талдамалық тапсырмалар). Іріктеу турының қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен оқушылар 27 сәуірде өтетін қорытынды (практикалық) кезеңге шақырылады.

        2 кезең – қорытынды (практикалық)далалық сипаттағы жарыстар форматында өткізілетін болады.

           Олимпиаданың қорытынды кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері Павлодар қаласының білім бөлімінің дипломдарымен марапатталады.