Ұлы ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуын мерекелеу аясында «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы "География үйі" қоғамдық бірлестігімен бірлесіп 7-8 сынып оқушылары арасында география пәнінен І қалалық "Жас сәтбаевшылар" олимпиадасын өткізеді.
Олимпиаданың мақсаты-географиялық білім деңгейін арттыру
оқушылардың ғылыми-зерттеу іс-әрекетін дамытуға баса назар аудара отырып, табиғи және қоғамдық географиямен айналысатын неғұрлым дайын және талантты оқушыларды іздеу және қолдау.
2024 жылдың 17 сәуірінде қаланың 32 мектебінен 69 оқушы олимпиаданың іріктеу кезеңіне қатысты. Қатысушылар тест тапсырмаларын, қысқа ашық жауап тапсырмаларын және аналитикалық тапсырмаларды орындады. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен 23 оқушы 27 сәуірде "География үйі" ҚБ базасында өтетін қорытынды (практикалық) кезеңге қатысу құқығына ие болды. Қорытынды кезеңге қатысушылардың тізімі қоса беріледі.