Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«El Umiti Talent» республикалық олимпиада да Павлодарлық оқушылар жеңімпаз атанды
22-04-2024 16:51
«El Umiti Talent» республикалық олимпиада да  Павлодарлық оқушылар жеңімпаз атанды

        «EL UMITI» корпоративтік қоры 2024 жылғы 23 қаңтар мен 7 наурыз аралығында «EL UMITI Talent» республикалық олимпиадасының қысқы кезеңін онлайн форматта өткізді. Олимпиада 7-9 сынып оқушылары арасында математика, химия, физика, география, биология, ағылшын тілі, информатика пәндері бойынша өткізілді.

       Олимпиаданың мақсаты - оқушылардың академиялық қабілеттерін анықтау, олардың теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын тереңдету, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, оқушыларды халықаралық олимпиадаларға қатысуға дайындау, олимпиадалық қозғалысты насихаттау.

         Жеңімпаздар қатарына Павлодар қаласы мектептерінің үш оқушысы кірді.

         Биология пәні бойынша І дәрежелі дипломмен №17 мектептің 8 сынып оқушысы Бақтжанова Аяла марапатталды. Информатика пәні бойынша № 21 мектептің 7 сынып оқушысы Андрей Галактионов ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Химия пәні бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен №17 мектептің 8 сынып оқушысы Шаяхметова Майкен марапатталды.

          Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен, Аяла Samsung SM A 055 Galaxy A05 смартфонын, Андрей - Marsel смарт-сағатын, Майкен - Xiaomi Redmi buds 4 Lite сымсыз құлаққаптарын алды. Балаларды жеңістерімен құттықтаймыз және оларға табыс тілейміз!