Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Сатурн Кубогы 2.0» робототехника бойынша қалалық чемпионаттың қорытындысы
25-04-2024 14:56
«Сатурн Кубогы 2.0» робототехника бойынша қалалық чемпионаттың қорытындысы

       «Павлодар дарыны» бос уақыттықамту және балалардың  дарындылығын   дамыту орталығы «Сатурн» робототехника мектебімен бірлесіп 2024 жылғы 24 сәуірде «American Corner Pavlodar» ақпараттық-ресурстық орталығының базасында өскелең ұрпақ арасында ғылыми-техникалық шығармашылықты дамыту мақсатында «Сатурн Кубогы 2.0»  робототехника бойынша финалдық чемпионат өткізді.

      Чемпионатқа  № 5, 11, 17, 29, 27, 39, 43, Ш. Шөкин, А. Байтұрсынов, М. Әуезов, «Детвора» ЖММ мектеп оқушылары қатысты.

       Ең мықты 18 оқушы күрделі іріктеуден өтіп, жарысқа дайындықты жүргізді. Чемпионат «Роботты жина» санатында өтті. Қатысушылардың жасы: 7-10 жас. Робот платформасы: LEGO WeDo 2.0.

       Жарыс 3 турдан тұрды. Бірінші турда балаларға 3 суреттен роботтар жасау керек болды. Екінші тур – бағдарламалау. Үшінші тур-конструкторды түстер бойынша сұрыптау.

        Чемпионат қорытындысы бойынша ең мықты командалар «Павлодар дарыны»  бос уақытты   қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығының дипломдарымен және «Сатурн» робототехника мектебінің сыйлықтарымен марапатталды.

         ІІІ дәрежелі диплом иегерлері: Сансызбай Темірлан (№29 мектеп), Имьяминова Ариана (№27 мектеп), Низамутдинов Камиль (А.Байтұрсынов атындағы мектеп), Бутенко Савелий (Ш. Шөкин атындағы мектеп-гимназия).

          ІІ дәрежелі дипломмен Шмидкин Кирилл (№27 мектеп), Ершов Константин (№28 мектеп), Кашпиров Мирослав (№29 мектеп, Гайдар Тимофей (А.Байтұрсынов атындағы мектеп) оқушылары  марапатталды.

          Сатурн 2.0 кубогының абсолютті жеңімпаздары мен иегерлері Бакубаева Жанель мен Омарғалиев Мадияр (М. Әуезов атындағы мектеп).