Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Шоң би оқулары» қорытындысы
10-05-2024 17:38
 «Шоң би оқулары» қорытындысы

 

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен  2024 жылғы 10  мамырда облыстық «Шоң би оқулары» қалалық кезеңі өткізілді.

Байқауға Павлодар қаласының жалпы білім беретін  24 мектептен 7-11 сыныптың 47 оқушысы қатысты.

Мақсаты - дарынды оқушыларды дамыту және қолдау, олардың оқу мәдениетін, ата-бабаларының тарихын білуге деген танымдық қызығушылығын арттыру.

Оқулар үш секция бойынша өтті: бірінші секцияда  қатысушылар ұсынылған тақырыптардың біріне эссе жазды; екінші секция «Арнаймын жыр маржанын бабаларға» атты ақындар мүшәйрасынан тұрды; үшінші секция – қатысушылар  ұлы бидің өмірі мен шығармашылығы туралы 30 тест тапсырмасына жауап берді.

26 оқушы олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды, оның ішінде бірінші орын - 4, екінші орын - 10, үшінші орын - 12.

I орын иегерлері Ж.Тәшенев атындағы мектептің 10 сынып оқушылары Токташева Коркем және Даниярова Жансулу,  № 40 мектебінің 10 сынып оқушысыҚабыкен Мөлдір, № 25 мектебінің 10 сынып оқушысы  Каршиганова Инкар;II орынды Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебі, № 7, 24, 30, 38, 40 (2), Мәшһүр Жүсіп атындағы (2), Р. Нұртазина атындағы мектеп оқушылары; III орынды - № 17 (2), 24, 25, 30, 31, 33, 41, Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебі (2), М. Әлімбаев атындағы (2) мектеп оқушылары иеленді.

Барлық қатысушылар «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының сертификаттарымен марапатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы  білім бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

Жеңімпаздар ағымдағы жылдың мамыр айының үшінші онкүндігінде  облыстық «Шоң би оқуларына»  қатысады.