Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«VERITAS SCHOOL CUP II» Республикалық пікірсайыс турнирінің қорытындысы
15-05-2024 11:09
«VERITAS SCHOOL CUP II» Республикалық пікірсайыс турнирінің  қорытындысы

2024 жылғы 11-12 мамырда Margulan University-де жыл сайынғы "VERITAS SCHOOL CUP II" республикалық пікірсайыс турнирі өтті.

Бұл турнир қазақстандық археология және этнография мектебінің негізін қалаушы, шығыстанушы, тарихшы, әдебиеттанушы, өнертанушы Әлкей Хақанұлы Марғұланға арналған.

Турнирге Павлодар, Абай, Солтүстік Қазақстан облыстарының 32 командалары қатысты. Турнир Британдық парламенттік форматта өтті.

Төрешілер алқасы "VERITAS" ДК үздік пікірсайысшыларының арасынан құрылды. Турнирдің бас төрешілері - Алимов Никита, Еркін Мирас және Грищенко Ангелина болды.

Бас жүлде үшін күресте Марғұлан университетінде оқуға арналған грантты 11-сынып оқушылары Дукач Ольга Владимировна мен Қуанов Руслан Файзуллаұлы жеңіп алды.

VSC II турнирінің I дәрежелі дипломдарымен және MU кубогымен және естелік сыйлықтармен "юниорлар" командасы Павлодар қ. №29 ЖОББМ оқушылары - Дукач Ольга және Карнаухова Полина марапатталды.

III дәрежелі дипломмен "2high2cry" командасы - Ш. Шөкин ат. гимназия-мектебінің оқушылары Ступникова Карина және Малышева Софья марапатталды.

Бес іріктеу кезеңінің нәтижелері бойынша Үздік спикер А.Шәмкенов ат. мектеп – лицейінің 11 сынып оқушысы Никитина Анастасия атанды.

Барлық оқушылар қатысушы сертификаттарын алды, топ жетекшілері алғыс хаттарымен марапатталды.