Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Жаңа көзқарас» пікірсайыс мектебінің қорытындысы
21-05-2024 11:12
«Жаңа көзқарас» пікірсайыс мектебінің  қорытындысы

«Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен  2024 жылғы 20  мамырда «Жаңа көзқарас» мектебінің қазақ және орыс лигаларының қорытынды кездесуі  өткізілді.

Шараның мақсатыпікірсайыс қатысушыларын марапаттау арқылы, олардың белсенділіктерін атап өту. Олардың алдағы уақытта да осы пікірсайыстарға қатысуға ынталандыру.

Шараға қаланың 19 жалпы білім беру мектептерінен 8-10 сыныптың 114 оқушысы және олардың 20 жетекшілері  қатысты.

«Жаңа көзқарас» пікірсайыс мектебінің 34 мектеп оқушысына пікірсайыс мектебін аяқтағаны үшін сертификаттар табыс етіліп, 80 мүшесіне пікірсайыс мектебіне қатысқандары үшін алғыс хаттар берілді. Сонымен қатар осы пікірсайысшыларды дайындаған 20 жетекшіге алғыс хаттар табыс етілді.

«Жаңа көзқарас» пікірсайыс мектебінің қорытынды кездесуінде «Павлодар дарыны» орталығының басшысы Мұхаметжанова Ақмарал Люлятовна және пікірсайыс мектептерінің ұйымдастырушылары Ақәділ Есенқұл мен Алимов Никита сөз сөйледі.