Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Павлодардағы жылдық үздік сынып.
22-05-2024 19:04
Павлодардағы жылдық  үздік сынып.

Павлодар қаласы білім беру бөлімі және «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы  оқу жылы бойы  біздің оқушылардың сынып ұжымын біріктіру және дарынды балаларды анықтау мақсатында «Үлкен үзіліс – 2024» жобасын іске асыру бойынша жұмыс жүргізді.  Мақсаты – ұжымшылдықты қалыптастыру, шығармашылық, өзін-өзі ұйымдастыруды, өзін-өзі жүзеге асыруды, балалар топтарының өзін-өзі бақылауын дамыту; шығармашылық жоба процесінде дарынды балалардың ұжымдық ынтымақтастығын анықтау, қолдау және кеңейту.

«Үлкен үзіліс -2024» қалалық жобасы 7 кезеңнен тұрды: «А у нас спортивный класс!», «Табиғатты сыныппен бірге сақтайық!», «Міне, біз!», «Менің арманымдағы мектеп», «Мектеп өмірінің қызықтары», «Мейірімділік өзімізде және айналамызда», «Біздің сынып өзгеше", оған қаланың № 2, 5, 6, 7, 14, 17, 21, 25, 26 , 29, 31, 33, 35, 36, 39, 41, 43, Малайсары батыр атындағы, Қ.Мақпалеев атындағы, Қ.Бекхожин атындағы, М.Әлімбаев атындағы, Ә.Шәмкенов атындағы, Мәшүр Жүсіп ат., Ә.Бөкейхан атындағы, Б.Момышұлы атындағы, Р.Нұртазина атындағы, С.Торайғыров атындағы, А.Байтұрсынұлы атындағы, Ж.Тәшенев атындағы, М.Әуезов атындағы, Кенжекөл, Жетекші мектептерінен   5-9 сыныптың 747 оқушысы қатысты.

№ 17, 26, 33, 35, 39, Байтұрсынұлы атындағы,М.Әуезов пен Кенжекөл мектептері «Үлкен үзіліс-2024» жобасының финалына  шықты.

22 мамырда Ж.Тәшенев атындағы орта мектепте «Үлкен үзіліс – 2024» жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.

Жоба қорытындысы бойынша Гран-при мен «ауыспалы кубок» А.Байтұрсынұлы атындағы орта мектептің 8-сынып оқушылары жеңіп алды. Қаланың  білім бөлімі оларға Баянауыл төңірегіне бір күндік саяхатқа жолдама табыстады.

І  дәрежелі дипломымен №33 орта мектептің 6-сынып оқушылары марапатталды.

ІІдәрежелі дипломмен  – №17 орта мектептің 5 сынып оқушылары, №39 орта мектеп және №35 орта мектептің 7 сынып оқушылары

ІІІ дәрежелі дипломмен – №26 орта мектептің 7-сынып оқушылары, Кенжекөл орта мектебінің 8-сынып оқушылары және М.Әуезов атындағы орта мектептің 9-сынып оқушылары марапатталды.

Жобаның барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне  Павлодар қаласы білім бөлімінің дипломдары  және бағалы сыйлықтары табыс етілді, қатысушыларға «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының сертификаттары берілді.