Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Павлодарлық оқушылар облыс әкімімен марапатталды
06-06-2024 12:04
Павлодарлық оқушылар облыс әкімімен марапатталды

2024 жылғы 5 маусымда "Достық үйінде" дарынды балаларды  қолдау және марапаттау  мақсатында Павлодар облысының әкімі Асаин Байхановпен салтанатты кездесу  өтті. Оқу жылының қорытындысы бойынша облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі зияткерлік конкурстар мен олимпиадаларда жоғары жетістіктер көрсеткен дарынды балаларды құрметтеу жақсы дәстүрге айналды.

Облыстың 60 жас дарындылар  қатарында  салтанатты шараға Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 6 оқушысы  қатысты.

 Салтанатқа қатысушылар: Соколов Вячеслав-география бойынша республикалық олимпиаданың жеңімпазы, № 39 орта мектептің 9 сынып оқушысы; Дүйсембаева Томирис-қазақ тілі мен әдебиетіпәнібойынша республикалық олимпиаданың жүлдегері, №2 орта мектептің 11 сынып оқушысы; Никитин Олег, № 29 орта мектептің 11 сынып оқушысы және Шереметьев Руслан, А. Байтұрсынұлы атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы -құқық негіздеріпәні  бойынша республикалық олимпиаданың жүлдегерлері; Хуснутдинова Руфия-ағылшын тілінен республикалық олимпиаданың жүлдегері, №39 орта мектептің 10 сынып оқушысы; Комаров Максим-№40 орта мектептің 11 сынып оқушысы,биологиядан  республикалық олимпиаданың жүлдегері.

Кездесу соңында облыс әкімі оқушылар мен олардың педагогтеріне алғыс хаттар мен 100 мың теңге ақшалай сертификаттар табыс етті.