Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Павлодар дауысы" вокалдық конкурсының бірінші турының қорытындысы
13-06-2024 17:12

"Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы  "Павлодар дауысы" балалар жобасының вокалдық конкурсын  өткізді.

         Вокалдық конкурсқа  қатысушыларға классикалық және заманауи музыканы насихаттай отырып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін, вокалдық әлеуетін көрсету мүмкіндігі ұсынылды.

         Бұл классикалық және заманауи музыканың мерекесі.

         "Қазақ ұлттық әндері" номинациясына Павлодар қаласының 23 мектебінен 43 оқушы қатысты.

         Конкурс  қорытындысы бойынша 23 қатысушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде I орын 2 оқушы, II орын - 4, III орын -17

         І дәрежелі дипломды № 25 мектептің 5 сынып оқушысы  Болат Қайсар және Б.Момышұлы атындағы 7 сынып оқушысы Каришев Мирхат иеленді.

         ІІ дәрежелі дипломдарға  № 41, 46, Қ. Мақпалеев атындағы, Қ. Бекқожин атындағы мектептердің оқушылары ие болды.

         ІІІ дәрежелі дипломмен № 26, 27,30, 31,36, Малайсары батыр атындағы, С.Торайғыров атындағы, М. Әуезов атындағы мектептерінң оқушылары марапатталды.